БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы жағдайға қатысты ұжымдық келісім қабылдамаса, АҚШ дербес әрекет етуге әзір екенін мәлімдеді. Кеңес отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли осылай деді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы химиялық шабуылға қатысты жиналысы нәтижесіз аяқталды. АҚШ, Ұлыбритания және Франция ұсынған қарарды тараптардың келісе алмауына байланысты дауысқа салмады. Хейлидің айтуынша, Сирия үкіметі, Ресей және Иран жанжалды шешуге құлықсыздық танытып отыр.
4 сәуірде сириялық оппозиция Хан-Шейхунда ондаған адам қаза тапқанын мәлімдеді. Жергілікті дәрігерлер жүйкенің салдануын тудыратын газ қолданған болуы керек деп отыр. Аймақта шашамен 72 адам осы дерттен көз жұмды. Бүлікшілер Сирияның үкімет әскерін айыптады.
Химиялық шабуылды сынаған қарар авторлары БҰҰ-ны газ қолдануға қатысты қорытындысын тезірек шығаруға шақырды.
АҚШ және Еуроодақ елдері химиялық шабуылға Сирия президенті Башар Асад жүйесін айыптап отыр. Ресейдің мәлімдеуінше, 4 сәуірде сириялық авиация снаряд қоймаларына улы заттармен соққы жасаған. Мәскеу нұсқасы бойынша, бұл снарядтар Ирак пен Сириядағы терроршыларға жеткізіледі.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр