Жапония үкіметі Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку (Диаоюдао) аралдарын «жекеменшіктеп алған» Қытай билігіне наразылық білдірді. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Йошихиде Суга хабарлады.
Токио мәлімдемесінде: «Сенкаку аралдары тарихи жағынан да, халықаралық құқық бойынша да бізге тиесілі. Қытай өз территориясы ретінде жекеменшіктеп ала алмайды. Осы ретте біз Қытай билігіне наразымыз», – делінген.
22 маусымда Киодо агенттігі Жапон теңіз қауіпсіздігі басқармасына сілтеме жасай отырып, Қытайдың патрульдік кемелері Сенкаку аралдарына ұзақ мерзімге жіберілгенін хабарлаған.
1895 жылы мпериялық Қытаймен соғыста жеңіске жеткен соң, Сенкаку аралдары мен Тайуань Жапония құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін Токио Тайуаньға басшылық ету құқығынан бас тартты. Ресми Бейжің Сенкаку аралдарын да иеленгісі келеді. Алайда, Жапония үкіметі бұл аралдар соғыс нәтижесінде аннексияланбады дейді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы