Коронавирус пандемиясы Еуропаның қаншалықты осал екенін көрсетті. Германия канцлері Ангела Меркель Бундестагта өткен жиында осылай деп мәлімдеді.
Германия 1 шілдеден бастап ЕО-ға төрағалық етеді. Меркель сөзінде: «Біз бұл жауапкершілікті Еуропа тарихындағы ең ауыр сын-қатерге тап болған кезде алып отырмыз. Біз, бір жағынан, дағдарыстың салдарын еңсеруге, екінші жағынан, Еуропаны бәсекеге қабілетті етуге міндеттіміз. Еуропа бізге [Германияға] мұқтаж, біз оған мұқтажбыз. Әлемдегі пандемияның драмалық салдары Еуропадан жаһандық жауапкершілікті талап етеді», – деп атап өтті.
Сонымен қатар Меркель Германия ЕО-ға төрағалық ету кезінде қоғам мен экономиканы цифрландыру мәселесін қарастыратытын айтты. «Еуропа технологиялық және сандық тұрғыдан тәуелсіз болуы керек» – деген канцлер пандемияға бірлесе төтеп беру керек деп шегеледі.
Әлемдік дағдарыс кезінде Еуропа экономикалық мәселелерге төтеп бере алуы керек. Меркель популистер мен радикалдарға қарсы тұру керек деп, «антидемократиялық күштер, радикалды, авторитарлық қозғалыстар Еуропаны әлсіретуді мақсат етеді», – деді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?