Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 18020 адамға жетті. Өткен тәулікте 366 адамнан вирус анықталып, өсім 2,6% болған. Мәліметтер бойынша, 3782 науқаста ауру симптомсыз.
Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты Жамбыл, Қарағанды және Ақтөбе облысында карантин шаралары күшейтілді. Бүгіннен бастап Жамбыл облысында жүріп-тұру түнгі оннан таңғы алтыға дейін шектеледі. Базарлар мен азық-түлік емес дүкендер таңғы сағат 8-ден төртке дейін, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы таңғы 9-дан 5-ке дейін ашық болады. 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары, түнгі клубтар, қоғамдық моншалар, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы балалар алаңдары, діни ұйымдар, 50 орыннан асатын тамақтану орындары мен автомобиль және мал базарларының қызметіне де тыйым салынды.
Жезқазған маңында Қарқаралы ауданында және Шет ауданының Жарық ауылында тосқауыл бекеттер қойылды. Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің мамандары негізінен қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Сауда және қоғамдық қызмет көрсету орындарының жұмыс кестесіне өзгеріс енді. Қарағанды өңірінде қазіргі кезде 1 мың 342 тұрғыннан қауіпті вирус анықталған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел