Кәсіпқой бокстағы "жаңа есім" атанған қазақ боксшысы Нұрсұлтан Жаңабаев Қытай жерінде тағы да жеңісті жұлып алды. 

Кеше, 25 желтоқсан күні Қытайдың Күнмиң қаласында өткен жепке-жекте ол, 32 жастағы филиппиндік қарсыласы Арнел Тинампейден басым түсті. Айқас тоғызыншы раундта тоқтаған.

Нұрсұлтан Жаңабаев тайландтық Арнел Тинампеймен бокстасуда. Күнмиң қаласы, Қытай. 2016.12.25. Фото: news.cn

Естеріңізде болса, Нұрсұлтан кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын биылғы 22 қазан күні Қытайдың Инь Чуан қаласында өткізіп, орта салмақ дәрежесінде тұңғыш рет, WBA чемпиондық белдігін иеленген еді.

Н.Жаңабаев онда жергілікті қытай былғары қолғап шебері Синг Янгтың қапысын тапқан.

«The Qazaq Times»