Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокста канадалық Брэндон Кукты техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Қанат Ислам жекпе-жектің бірінші раундынан-ақ ширақ қимылдады. Кездесудің үшінші раундында жойқын соққыларын дөп тигізген жерлесіміз канадалық боксшыны нокдаунға жіберді. Ал бесінші раундта Қанат Ислам қарсыласын есеңгіретті. Канадалық боксшы сегізінші раундта үшінші рет нокдаунға түсті. Кездесу аяқталуға үш раунд қалғанда Қанат Ислам Брэндон Куктты нокаутқа жіберді.

Бұл - Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 25 кездесуі. Ол кездесулердің барлығында да жеңіске жеткен. 25 кездесудің 20 жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталған.

Брэндон Кук те тәжірибелі боксшы. Ол бұған дейін кәсіпқой алаңда 19 жекпе-жек өткізген. Оның 11-інде қарсыластарын нокаутпен жеңген.

Айта кетейік, Қанат Ислам мен Брэндон Куктың жекпе-жегі Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өтті.

“The Qazaq Times”