Венгрияның Будапешт қаласында коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы емделіп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомство хабарламасында: «2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Аталған жағдай біздің дипломаттарымыздың ерекше бақылауында», – делінген. Қазіргі уақытта науқастың денсаулығы тұрақты, ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Бүгіннен бастап Венгрия шетел азаматтарын ел аумағына кіргізбеу туралы шешім шығарды. Соңғы ақпар бойынша, елде 39 адам коронавирусты жұқтырған. Біреуі қайтыс болған. Қауіптің күшеюіне байланысты мұнда адам көп жиылатын жаппай шараларды өткізуге тыйым салынды. Кинотеатрлар мен клубтар жабылды. Тамақтану орындары мен дүкендердің көбі түскі үшткен кейін жұмыс істемейді. Бірақ азық-түлік дүкендері мен емханалар ашық болады. Билік жасы 70-тен асқан тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріп отыр. Премьер-министр Виктор Орбан елдің бюджетін өзгертуге тура келетінін айтты. Бұл ретте үкімет жұмыс орындарының сақталуына көп көңіл бөледі.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел