Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бала-бақша, мектеп және колледж-ЖОО санатындағы оқыту процесі төңірегіндегі шешімдерді жеткізді.
Министр Асхат Аймағамбетов білім саласындағы қабылданған бірқатар шешімдерді таныстырды:
- Бала-бақша жұмыс істейді, бірақ ата-аналарға мүмкін болса баласын жібермеуге ұсыныс жасаймыз. Жаңа норма бойынша бала бірнеше күн келмесе де орны сақталаты болады;
- Жеке сектордағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлем мәселесі нарық заңдылығына қарай реттеледі. Бала ТЖ-ға байланысты сабаққа қатыспаған күндеріне ата-ана төлем жасамайды;
- Қосымша білім беру ұйымдары (оқушылар сарайы, өнер үйірмелері) жұмысын 5 сәуірге дейін тоқтатты;
- Елдегі 7300 мектепті каникулға ертерек шығардық. Мұғалімдер үйінде отырып-ақ қашықтықтан жұмыс жүргізеді;
- Білім олимпиадалары да тоқтатылды;
- Біліктілік арттыру курстарының көбін онлайн форматқа көшті, басқасы уақытша тоқтады;
- Оқушыларды ынталандыру-марапаттауға арналған «Балдәурен», «Бөбек» тәрізді лагерьлер де тиісті уақытқа дейін өз жұмысын тоқтатты;
- Колледж бен ЖОО қашықтықтан оқыту форматына көшті;
- Жатақханадан басқа барар жері жоқ студенттерге «карантин ережелерін» қатаң сақтап қалуына рұқсат беріледі;
- Балалар үйінде де шектеу режимі негізінде сырттан бөтен ешкім кіргізілмейді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы