Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Мәліметтер бойынша, вирус 1958 жылғы ер азаматтан табылған. Ол Алматыға 10 наурызда Мәскеуден ұшып келген. Қазіргі уақытта науқас стационарлық ем қабылдап жатыр.
Сонымен қатар астанада тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам Варшавадан келген.
Жұма кешке дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Германиядан келген екі адамнан, Италиядан келген бір адамдан Covid-19 вирусы табылғанын мәлімдеген еді.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны алтауға жетті. Оның төртеуі – Алматы қаласында, екеуі – астанада. 1090 адам стационар карантинде, 452 адам үй карантинінде. Дертке шалдыққандардың бәрі – Қазақстан азаматы.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды