11 наурыз бен 24 сәуір аралығында Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты.
Азаматық авиация таратқан хабарламада: «Бүгінгі күнге дейін әуе компаниясы Франкфурт-Алматы-Франкфурт (аптасына 4 рет) және Франкфурт-Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рет) бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындады. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе тасымалдаушы осы бағыттар бойынша ұшуларды 2020 жылдың 25 сәуірінен бастап жаңартуды көздеп отыр», — делінген.
3 наурыздан бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауға бағытталған ахуалдық орталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанға тұрақты және тұрақты емес әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына бақылау жүргізілмек.
12 наурыздан бастап Қазақстанда халықаралық әуе рейстері қысқартылып, сақтық шараларын күшейту мақсатында қоғамдық жиындар кейінге шегерілді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел