Бүгін сағат 15:00-де астана прокуратурасында қала прокурорының орынбасары Елдос Тоқтасынұлы бастаған ресми топ түрмеде қаза болған қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне байланысты баспасөз брифингін өткізді.
Ағаділдің өлімі туралы ашып айтпаған қала прокурорының орынбасары Елдос Килымжанов «әлеуметтік желілерде тараған мәйітегі жарақатты» ақтау мәнінде мәлімдеме жасады. Ол:
– Бірден айтайын марқұмның денесі туралы видеоны туыстарының рұқсатынсыз тарату моральға, этикалық нормаға қайшы. Денені зерттеудің нәтижесі бойынша, ешқандай зорлық әрекетінің белгілері анықталмады. Ағаділдің өлімінің себебі – жүрек қан тамырына оттегінің жетіспеуі. Денедегі дақтар мәйітте болатын қалыпты құбылыс. Шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Марқұмның анасы бізге видеоны түсіріп таратқандарға шара қолдануды сұрап шағынды, – деді.
Прокурор орынбасарының сөзінше, зертханалық зерттеу-сараптау жұмысынан кейін бір айда нақты қорытынды шығарылады. Тергеу объективті-оперативті түрде айғақтарды фиксациялаумен жүріп жатыр деседі.
Бес спикер қатысқан брифингте тек екеуі ғана қысқа қайыра сөйледі.
301 секундқа (5,1 минут) «созылған» баспасөз жиынында жауапты мамандар тілшілердің сұрақтарына жауап бермей шығып кетті. Артынан жүгірген журналистердің «судьяны тілдеді деген себеппен түн ішінде формасыз барған бір топ полицей әрекетінің заңдылығы», «олардың кім екені» туралы сұрақтары жауапсыз қалды.
Facebook желісінде «Дулат Ағаділдің қамаудан кейінгі ахуалы» деп тараған видеода куәгерлер арқа жауырын тұсы мен аяқ санының көгеріп-қарайғаны көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылары «заң органдары мен сот жүйесіне сенім жоғалғандықтан ел шындық үшін өз бетінше осындай әрекетке баруға мәжбүр болатынын» айтады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді