АҚШ пен Сауд Арабиясының Қауіпсіздік Кеңесіндегі Иранға қарсы астыртын әрекеті сәтсіздікке ұшырады. БҰҰ-ның мамандары осы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Иран тарапынан йемендік топтарға еш қару жөнелтілмегенін мойындады. Бұл туралы "Фарс" баспасөзінде жазылды.
Бұдан бұрын АҚШ пен аймақтағы кейбір араб елдері, атап айтқанда Сауд Арабиясы Иран ислам республикасына №2231 қарарды бұзып, Йеменге қару жөнелтті деген айып таққан жағдайда БҰҰ-ның мамандары мен тілшілері Қауіпсіздік Кеңесінің сәрсенбі күнгі отырысындағы есебінде: «Тәркіленген кемелердің Ираннан қару алғаны немесе осы қарулардың ирандық болуына қатысты еш белгі жоқ» деп мәлімдеді.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі бір білікті дереккөзі: «Сауд Арабиясы осы есепке қатты наразы әрі Қауіпсіздік Кеңесінің құжаты ретінде жарияланбауына күш салуда» деді.
АҚШ пен Сауд Арабиясы йемендік топтарға Иран тарапынан қару-жарақпен демеушілік көрсетілуде деген уәж айтып, «Араб коалициясы» деп аталатын топтың Йеменнің мазлұм халқына шапқыншылығын ақтауға тырысуда.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы