Сүрияның үкімет күштері көтерілісшілер бақылауындағы аймақтарды қайтарып алу үшін елдің солтүстік-батысындағы Идлиб пен Халептегі операциясын жалғастырып жатыр. Өткен аптада Сүрия армиясының аталған аймақтағы шабуылдарынан бірнеше түрік әскері көз жұмған. Анкара Дамаск билігінің бұл шабуылдарына қатаң ескерту берген еді.
Сүриядағы жергілікті ақпарат көздері таратқан мәліметке қарағанда, президенті Башар әл-Ассадқа қарасты күштер Идлиб провинциясындағы Шекун қаласы маңындағы бірнеше ауылды басып алған. Оған қоса Алеппоның солтүстік-басындағы бірнеше елді мекенді бақылауына алған. Бұл елді мекендерді Сүрияның көтерілісші күштері 8 жылдан аса уақыт өз бақылауында ұстап тұрған еді.
Сүрия үкіметіне қарасты ақпарат құралдары режим күштерінің бөлшектеуші қарулы топтар мен террорлық ұйымдарға қарсы күресі қарқынды жүріп жатқанын, көп өтпей өңірді толық бақылауына алатынын айтқан. Бұл өңірдегі дағдарысты жағдайдың әлі де ушыға түсетінін аңғартады. Себебі, Идлиб жерінде Иран қолдауындағы және Түркия қолдауындағы қарулы топтар бар, оған қоса елдің өзге өңірлерінен келген 3-4 млн шамасындағы босқындар да паналаған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес