Қытайда тараған қатерлі коронавирус індеті жергілікті тұрғындардың өмірін жалмап барады. Соңғы мәліметтер бойынша, дерттен көз жұмғандар саны 170 адамға жетті.
Жергілікті ақпарат құралдары қаза тапқандардың барлығы Хубэй провинциясының тұрғындары екенін хабарлады.
Сондай-ақ хабарламада cоңғы тәулікте вирустан 37 адамның жан тапсырғаны, 1032 науқаста коронавирустық инфекция расталғаны айтылды.
Кеше еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «вирустың пайда болу көзі жануарлар – жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы болуы мүмкін» деп болжаған еді.
Кеше Қытайдан 21 Қазақстан азаматы елге оралып, тексеруден өтті. Гуанчжоу және Құлжа қалаларында болған екі азамат Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Ал қалған 19 адам байқау ауруханасына жатқызылды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті