Бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 24 ақпанда «вирус шыққан лайнердегі төрт қазақстандыққа» қатысты Жапониядан ел астанасына ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады.
Бұл жөнінде ол бүгін үкімет отырысынан шыққан соң журналистер сұрағына жауабында айтты.
Бас дәрігердің айтуынша, SCAT компаниясының Токиодан елордаға ұшатын ұшағында Diamond Princess лайнерінде карантинде болған төрт жолаушы барын министрлік басқа жолаушыларға «ескертіп үлгермепті».
– Ұшақта болған өзге жолаушылардан кешірім сұраймыз. Жолаушыларды ұшаққа отырғызу туралы шешім қабылданғанда, ескертуге уақыт болмады, – деді ол.
Біртанов Жапония жағалауында карантинде тұрған Diamond Princess лайнерінде болған Қазақстанның төрт азаматының қолында «денсаулығы жақсы» деген медициналық анықтамасы болғанын, сондықтан Жапония тарабы олардың ұшаққа отыруына кедергі жасамағанын айтты.
«Төрт адамға тағы үш түрлі тест жасалады. Бұл жайлы қосымша мәлімет береміз» деді министр.
24 ақпан түнде Жапониядан Нұр-Сұлтанға келген әуе рейсінде 20 адам болған. Төртеуі Diamond Princess лайнерінде болғандар, 8-і экипаж мүшесі, 8-і өзге жолаушы. Министрдің сөзінше, барлығы карантинге жатқызылған.
20 қаңтарда Жапонияның Йокогама қаласынан теңізге саяхатқа шығып, ақпанның басында коронавирусқа байланысты портқа оралған, 3700 жолаушысы бар Diamond Princess кемесі ақпанның 19-ына дейін карантинде тұрған. Кемеде 350-ден астам адамның короновирус жұқтырғаны анықталған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі