Путиннің Федералдық жиынға жасаған үндеуінен кейін Ресей үкіметі толық құраммен отставкаға кетті.
Өз жолдауында Ресей президенті Конституцияға өзгерістер енгізіп, тиісті референдум өткізуді ұсынған. Премьер-министр Дмитрий Медведевтің айтуынша, үкімет президентке бұл бағытта барлық қажетті шешімдер қабылдау үшін мүмкіндік беруі тиіс. Сол себепті де отставкаға кетуді ұйғарған.
Үкімет отставкасын президент қабылдады. Енді жаңа министрлер кабинеті құрылғанша, 2018 жылдың мамырында құрылған үкімет өз міндетін атқара береді. Ал Владимир Путин Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары қызметін атқаруды ұсынып отыр. Бірақ әзірге мұндай лауазым жоқ.
Айта кетейік, Медведев Ресей үкіметін 2012 жылдан бері басқарып келеді. 2008-2012 жылдары Ресей президенті болған. Ол 2012 жылдан бері «Единая Россия» партиясын да басқарады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы