Иран әскерилері атып құлатқан Украина ұшағының мәселесінен кейін ел азаматтары биліктің кейбір ұшқары әрекеттеріне наразылық білдіріп, шеруге шықты. Сенбіде басталған шеру жексенбі күні де үкіметке қарсы ереуілмен жалғасты. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің "Твиттер" парақшасында парсы тілінде мәлімдеме жасап, Ирандағы ереуілшілерге қолдау көрсетті.
Президент Трамп "Твиттердегі" мәлімдемесінде парсы тілінде: "Батыл да, қайсар Иран халқы: Мен президент болғаннан бері сіздермен біргемін. Менің үкіметім жалғасты сіздермен бірге болады. Біз сіздердің наразылықтарыңызды бақылап отырмыз және сіздердің батылдықтарыңыз бізді жігерлендірді", – деп жазған.
Бұған қоса АҚШ президент Иран үкіметіне наразылық шарасына қарсы күш қолданбауға ескерту жасады. Әлем елдерінің Ирандағы наразылық шараларына баса назар аударып отырғанын, ондағы болып жатқан оқиғалар туралы мәлімет алуға шектеу қоймауды және адам құқығына құрмет етуді талап етті.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес