ҚР Ішкі істер министрлігі жеке куәлік пен банк карталарын WhatsApp арқылы жолдау қауіпті деп ескерту жасады.
ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында: «Қауіпсіздік үшін кілт сөздерді (әлеуметтік желіде немесе телефонда) жиі өзгертіп тұрған жөн. Себебі, қазір қолыңыздағы телефонда бәрі сақталады. Өміріңізде бір рет болсын, WhatsApp арқылы жеке куәліктің суретін жіберген боларсыздар. Кей жағдайда азаматтар банк карталарының да суретін жолдайды. Мұндайдан сақтану керек. Өйткені, бұл құжаттардың көшірмесімен-ақ онлайн-сауда жасай беруге болады. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелелерін сақтаған дұрыс», – деп мәлімдеді.
Осыған дейін ІІМ өкілдері интернет-алаяқтықтың басым бөлігі трансшекаралық сипатқа ие екенін атап өткен болатын. Мәліметтер бойынша, қолға алынған шаралардың арқасында биыл осындай мыңға тарта қылмыс ашылған. Осы қылмыстарға қатысты 388 адам ұсталды. Олардың 160-ы екі немесе одан да көп қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды