Алматы әуежайында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың күйеу баласы Сырғақ Кенжебаев ұсталды.
Қырғызстандық экс-депутаттың әйелі Шырын Айтматова Twitter желісіндегі парақшасында Кенжебаевтың 20 желтоқсанға қараған түні жоғалып кеткенін жазды. Одан ешқандай хабар болмаған. Осыған байланысты Шырын Айтматова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаған. Кейінірек Айтматованың күйеуінің Алматыда ұсталып, Бішкекке жіберілгені белгілі болды.
Қырғызстанның ІІМ өкілдері Бішкек тұрғыны Виктор Гавришевтің Сырғақ Кенжебаевқа шағымданғанын айтып отыр. Ер адам 2013 жылы Кенжебаев арқылы ұлы Егор Гавришевке қатысты қозғалған істі тоқтатып тастағанын айтқан.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі: «Объектив тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Кенжебаевтың ережебұзушылықтары ІІМ сотқа дейінгі тергеу өндірісіне материалдарына енгізілді. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді.