Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында оқ атылғаны туралы ақпарат тарады.
Халықаралық әуежайда оқ атылғанын Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа абайсызда жарақат келтіру) Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың полиция желілік бөлімінің тергеу бойынша бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады.
Әлеуметтік желілерде «3 желтоқсанда «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының ұшу сапарларын өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің ғимаратында авиациялық қауіпсіздік қызметі инспекторы қару тексеріп жатқанда қару өздігінен атылып кетіп, үш инспектор жарақат алды» делінген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел