АҚШ Сенатының отырысында Ресей Федерациясының Германия мен Франциядағы сайлауға араласып, өз мүддесіне орай шешім шығуына әрекет етіп отырғандығы жайлы айтылды. Бұл туралы NBC арнасының эфирінде Демократиялық партияның және сенаттың барлау комитетінің өкілі Марк Уорнер мәлімдеді.
Америкалық сенатор АҚШ-та өткен сайлауға да "жалдамалы хаккерлік шабуылдары" арқылы Ресейдің "араласқандығын" есіне алды.
Уорнер: "Сайлау кезінде РФ-ның сайлауға қатысы бар екендігін білеміз және ол Франция мен Германияға да дәл сол әрекетін қайталамақ" - деп, атап өтті.
Ал Ресей үкіметі болса, өзге мемлекеттердің ісіне қатысы жоқ екендіктерін айтып, еш араласпағандықтарын алға тартуда.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер