Ангела Меркель Еуродақтың саясаты "әрдайым дұрыс бола бермейтіндігін" мойындады. Бұл туралы италияндық Rai телерадиокомпаниясына берген сұхбатында айтқан болатын.
Федеральді канцлер: "Біз, шынымен, бәрін дұрыс жасамадық. Кейбір атқарылмай қалған дүниелер де көп. Бірақ барлығында оң негіз бар" - дейді.
Ол европалық саясаткердердің экономикалық саясат пен миграциялық заңнамаларға сәйкес көптеген қателіктерді де тізіп шықты.
Ангела Меркель: "Біз, мысалы, еркін қатынасты жолға қойып, сыртқы шекаралық қауіпсіздікті ескермедік. Ал бірегей валюта айналымын енгізіп, оның дағдарысқа төзімділігін қарастырмадық. Бірақ қазіргі таңда оны бірқалыпты деңгейде ұстап тұратын банктік одақты жасап жатырмыз" - деген болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер