Былтырға қарағанда биыл елімізде жол-көлік оқиғалар саны 5%-ға өскен. Салдарынан 15 мың адам зардап шегіп, әр түрлі деңгейде жараланған. Ең жиі кездесетін жағдай – жаяу жүргіншілерді қағып кету оқиғалары мен көліктер соқтығысы.
Қателікті кешірмейтін жол қатынастарына қатысты деректерді естігенде төбе шашың тік тұрады. Бой тіксінтер суық сандардың бейбіт күні азаймай тұрғаны алаңдатады. Биыл тамыз айының соңындағы есеп бойынша, Қазақстанда 3,7 миллион жеңіл автокөлік бар. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 8%-ға аз (2018 жылдың тамызы – 4 миллион ж.а.). 2019 жылы жеке тұлғалардың атындағы жеңіл автокөліктер үлесі 94,5%-ды құраса, заңды тұлғаларға – 5,5% ғана тиесілі. Ал қаңтар-тамыз айларында ел аумағында 572,8 мың жеңіл автокөлік тіркелген.
Дәл осы аралықта 10,1 мың жол-көлік оқиғасы орын алып, былтырғы дедлайнмен салыстырғанда апат көрсеткіші 4,6% -ға өсті. Салдарынан 14 900 адам жол-көлік апатынан зардап шеккен. 13,4 мыңы жараланған болса, оның 2,6 мыңы кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер.
Қазақстан экономикасына мониторинг жүргізуші Ranking.kz зерделеу жобасының дерегінше, аталған ауқымды апаттың кесірінен 1300 азамат қайтыс болған: 959-ы ер адам және 377-сі әйел кісі, ең өкініштісі 146-сы кәмелетке толмағандар.
Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі Алматы (3,1 мың) қаласы мен Алматы (1,5 мың) және Жамбыл (794) облыстарында болады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті