Иранның БҰҰ-дағы арнайы өкілі Исхақ Але Хабиб Қауіпсіздік Кеңесті Израильдың жаулау әрекеттеріне қарсы дәрменсіздік танытты деп айыптаған. Оның айтуынша халықаралық қауымдастық Израильдің Палестинаға бағытталған экспанциясын тоқтатуға жеткілікті әрекет етпеген.
Қауіпсіздік Кеңестің кезекті отырысы Батыс Азияның (Батыста Таяу-Шығыс делінеді) бейбітшілігі мен қауіпсіздігін тақырып еткен. Иран өкілі халықаралық қауымдастық Израильдің жаулау әрекеттерін тоқтатуға дәрменсіз болғанын, нәтижесінде миллиондаған палестиналықтардың құқықтарының тапталып жатқанын айтқан.
Хабиб сөзінде: «Қауіпсіздік Кеңес 2500-ге жуық қарар қабылдады. Оның 365-і тікелей немесе жанамалай Израиль-Палестина мәселесіне қатысты. Бірақ, бұлардың ешбірі атқарылған жоқ. Израиль кейбір батыстық елдердің қолдауына ие болды, содан пайдаланып өздерінің жаулау мақсаттарын жүзеге асырып келеді», – деген.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, биыл жыл басынан бері 300-ге жуық палестиналық қақтығыстарда қаза тапқан, 30 мыңнан астам адам түрлі зардап шеккен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес