Иран СІМ басшысы АҚШ-ты Израильдің Палестинаны жаулауына көмектесіп отыр деп айыптады. Оның айтуынша АҚШ-тың біржақты саясаты халықаралық заңдарды бұзып, палестиналықтардың мүддесін аяққа таптаған. Бұл туралы Иранның IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф аталған мәлімдемесін Бакудегі Палестина тақырыбындағы отырыста жасаған. Ол сөзінде: «АҚШ-тың қазіргі саясаты Палестинаны жаулап алуды көздейтін Израиль режиміне сыбайлас екенін көрсетеді», – дейді.
Зарифтың пікірінше АҚШ пен Израиль Азия елдері мен Батыс елдерінің қарым-қатынасын қиындатып, Палестина мәселесіне назар аударуын болдырмауға тырысады. Сол арқылы Палестина халқының мәселесін ұмыттырып, өздерінің жаулау әрекеттерін жалғастырады.
Айта кету керек, соңғы кездердегі АҚШ пен Иран қатынасының қайшылығы асқынып тұрғаны мәлім. Екі елдің бір-біріне жасаған мәлімдемелерінде әсіре сілтеу әдетке айналған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау