Ғалымдар инфаркт пен инсульттың алдын алатын дәрі жасап шығарды деп хабарлайды bbc.com.
Дәрінің халықаралық тәжірибелік жұмыстары 27 мың адамның қатысуымен жүзеге асып, ағзадағы зиянды холестериннің деңгейін 0 пайыздық деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Тәжірибелік сараптамалық жұмыстардың сәтті өтуі - болашақта миллиондаған адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қатерінің алдын алуға септігін тигізеді деп сенуде.
British Heart Foundation медициналық қайырымдылық ұйымы қолдағы нәтижелер - жүрек ауруларының клиникалық түрлерімен күресуде айтарлықтай нәтиже береді деп айтып отыр.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын инфаркт пен инсульттан 15 миллион адам өліп, ал аман қалғандары сал ауруларына шалдығып немесе төсекке таңылып жатады. Осы қатерлі дерттің алдын алуға бағытталған бұл дәрі холестериннің зиянды қалдықтарын залалсыздандыруға бағытталған.
Ағзадағы зиянды холестериннің деңгейі артқан сайын қан айналым жолдары бітеліп, соның салдарынан миға қажетті қорек пен оттегі жетпеуден инфаркт пен инсульт орын алады.
"The Qazaq Times"


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер