Түркия қарулы күштері ресми мәлімдеме жасап, Сүрияның солтүстік-шығыс аумағында әскери операция дайындығы жасалып болғанын хабарлады. Мәлімдемеде, қарулы операция Евфрат өзенінің шығыс жағалауында басталатыны айтылған.
Түркия Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде операцияның мақсаты туралы: «Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сүриялық босқындарды бейбіт аймаққа орналастыру мақсатында қарулы операциялар жүргізіледі», – делінген.
Сондай-ақ, хабарламада: «Түрік қарулы күштері Түркияның қауіпсіздігі, 82 млн халықтың амандығы үшін елімізге қауіп төндіретін барлық террорлық топтарға қарсы күреседі», – делінеді.
Түркия аталған операцияны бастаудан бұрын Ресей және Иран басшыларының қатысуымен «Үштік саммитін» өткізді. Сондай-ақ, Сүрия жеріндегі қарулы әрекеттер турасында АҚШ үкіметімен де келісімдер алып барған. Мәскеу мен Уашингтон тарабы Түркияның қарулы әрекеттеріне қарсылық білдірген жоқ.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы