Әлемде бірінші рет Жаңа Зеландия өзені адам құқықтарына ие болды.
Жаңа Зеландиядағы Уонгануи өзені адам құқықтарына ие болған әлемдегі алғашқы табиғи аймақ атанды деп хабарлайды Guardian.
Уонгануидегі жергілікті маори тайпасы бұл өзенді өздерінің арғы ата тегі санайды, сондықтан да оны тірі деп танып, адам құқықтарының берілуі үшін 140 жыл күрескен болатын.
Жаңа Зеландия парламентінің шығарған шешімі бойынша, Уонгануи өзеніне келтірілген кез-келген залал тайпаның құқықтарын бұзып, адами құндылықтарды аяққа таптаған болып саналады. Сонымен қатар, тайпа мен өзенді тең бір тұлға деп те қарастырады.
Бүгінде өзен екі бірдей тараптан қорғалып отыр, бірі - жергілікті тайпа, екіншісі - мемлекет басшылылығы тарапынан.
Өзенге адам құқықтарын беру мәселесіне байланысты сот процесі Жаңа Зеландия тарихындағы ең ұзақ сот ісі болып табылады. Guardian журанлистерінің пікірінше, енді басқа да тайпалар өздерінің қасиетті аймақтарына адам құқықтары беріліп, мемлекет тарапынан қорғауға алынуына сотқа арыз бере алады.
«The Qazaq Times»


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер