«Жаңа Зеландия аралдары жеке құрлық ретінде қарастырылатын болады», – деп хабарлайды korrespondent.net.
Аустралиялық және жаңазеландиялық геологтар ғылыми зерттеу жасап, нәтижесінде Жаңа Зеландия мен Жаңа Каледония – оқшауланбаған арал тізбектері емес, жеті құрлықтың бір бөлігі екендіктерін анықтаған.
Ғалымдар Зеландия аталып кеткен бұл бөліктің расымен жетінші құрлық екендіктеріне сенімді. Олар аталмыш тұжырымдамасын Американың Геологиялық сайтына да жариялаған.

Фото: korrespondent.net
Жер қыртысында ауданы 4,9 млн км болатын жеке фрагменттің бар екені анықталды. Осындай ауданға қарап, геологтар бұл жер қыртысын жеке толыққанды құрлық ретінде қарастыруға болатынын жеткізіп отыр.
«Бұл аяқ астынан айтыла салған дүние емес. Осыдан 10 жыл бұрын қолымызда бірде-бір айғақ болмағанымен біз бұл жаңалықты ашу үшін түрлі деректер жинап келдік. Ал қазір бұл жердің құрлық екендігін сеніммен айта аламыз», – дейді ғалымдар.
«The Qazaq Times»

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі