Әлемде бірінші рет Жаңа Зеландия өзені адам құқықтарына ие болды.

Жаңа Зеландиядағы Уонгануи өзені адам құқықтарына ие болған әлемдегі алғашқы табиғи аймақ атанды деп хабарлайды Guardian.

Уонгануидегі жергілікті маори тайпасы бұл өзенді өздерінің арғы ата тегі санайды, сондықтан да оны тірі деп танып, адам құқықтарының берілуі үшін 140 жыл күрескен болатын.

Жаңа Зеландия парламентінің шығарған шешімі бойынша, Уонгануи өзеніне келтірілген кез-келген залал тайпаның құқықтарын бұзып, адами құндылықтарды аяққа таптаған болып саналады. Сонымен қатар,  тайпа мен өзенді тең бір тұлға деп те қарастырады.

Бүгінде өзен екі бірдей тараптан қорғалып отыр, бірі - жергілікті тайпа, екіншісі - мемлекет басшылылығы тарапынан.

Өзенге адам құқықтарын беру мәселесіне байланысты сот процесі Жаңа Зеландия тарихындағы ең ұзақ сот ісі болып табылады. Guardian журанлистерінің пікірінше, енді басқа да тайпалар өздерінің қасиетті аймақтарына адам құқықтары беріліп, мемлекет тарапынан қорғауға алынуына сотқа арыз бере алады.

«The Qazaq Times»