Қазақстан мен Ресей президенттері Сочиде өтетін «Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының пленарлық отырысына қатыспақ.
Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөз сөйлейді.
«Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының отырысы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Биылғы кездесудің тақырыбы – «Шығыс шапағаты және әлемдік саяси құрылым». Панельдік сессия 3 қазанда өтеді, оның тақырыбы – «Әлемдік құрылым: Шығыстың көзқарасы».
Айта кетейік, аталған пікірсайыс 2003 жылдан бері халықаралық масштабта ұйымдастырылып келеді. Арнайы форматқа сәйкес, пленарлық сессияға қатысушылар алдымен сөз сөйлейді, содан кейін сарапшылар мен пікірсайыс модераторының сұрақтарына жауап береді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел