Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ши Жиңпиң кездесуінен кейін қандай құжаттарға қол қойылды?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге жасаған сапары барысында Қытай басшысы Ши Жиңпиңмен кездесті. Басқосудан кейін тараптар бірқатар келісім құжаттарына қол қойды.
1. ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасындағы әуе кемелерін іздестіру және азаматтық ұшақтарды бірлесіп құтқару келісімі.
2. "Нұрлы жол" және "Жібек Жолы экономикалық жобасы" құрылысы арасындағы әріптестікке өзара түсіністікпен қарау үкімет аралық меморандумы.
3. Қытай тарапының Қазақстанға суперкомпьютерлер беру үкімет аралық келісімі.
4. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасындағы өзара түсіністік меморандумы.
5. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Басты кеден басқармасы арасындағы Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сүт өнімдеріне қойылатын ветеринар-санитарлық, карантиндік, инспекциялық талаптар жөніндегі протокол.
6. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Басты кеден басқармасы арасындағы Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын тері өнімдеріне қойылатын талаптарға байланысты протокол.
7. ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР Басты кеден басқармасы арасындағы шекаралық қауіпсіздікті күшейту және интеллектуалдық меншікті қорғау меморандумы.
8. ҚР ҚХР шекараларынан өтетін тауарлар мен техникалар жөнінде ақпарат алмасу келісімі.
Естеріңізге салайық, Қазақстан президентінің Қытайға сапары қыркүйектің 11-12-і күндері болған. Осы уақытқа дейін бірнеше қалада "Қытай экспанциясына" қарсылық акциялары өтіп, халық Қазақстанға Қытай зауыттарын кіргізбеуді, Тоқаевты Бейжіңге бармауды талап еткен.