Жаңа 2017 оқу жылының үш айы ішінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері парашютпен 1 мың 500-ден аса секіруді жүзеге асырды. Секірулер С-295 әскери-көліктік ұшақтарынан Д-6 парашюттік жүйесімен, сондай-ақ, Ми-17 тікұшақтарынан орындалды деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен.

Секірулердің алдында мұқият жерүсті дайындық жасалған. Ол бойынша, десантшылар парашютті жинау әдістерін пысықтап, оқу полигонының базасында ұшақтар мен тікұшақтардың нобайларынан секірді. Парашюттік дайындықта әрбір әскери қызметші парашюттік жүйенің жұмыс жасау қағидатын жетік түсінуі маңызды. Психологиялық әзірлік те басты назарда. Парашюттік секірулер алдында жеке құрам рұқсат қағазы ретіндегі психологиялық тестілеуден өтеді. Парашютпен секіру Қазақстан Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығының негізі екені мәлім. Ол жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі.

Қазақ десанттары парашютпен секіруде. Фото: mod.gov.kz

«The Qazaq Times»