АҚШ президенті Дональд Трамп Германия канцлері Ангела Меркельдің ұсынысымен жақын арада ГФР-ге іссапармен баратынын мәлімдеді.
Сол себепті Трамптың Польшаға жоспарланған сапары кейінге қалдырылған. Ақ үй басшысы журналистерге сұхбатында: «Польшаға кейін баратын болдым. АҚШ пен Польшаның қарым-қатынасы өте жақсы. Жақында Ангела Меркель Германияға шақырды. Алдағы күндері сапар уақыты белгілі болады», – деді.
Дональд Трамп 1-2 қыркүйек аралығында Польшаға маңызды іссапармен баруы тиіс еді. Мәліметтер бойынша, 1 қыркүйекте Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына байланысты өтетін шараға қатысуы керек болған. Ал 2 қыркүйекте Польша басшыларымен қауіпсіздік, экономика және энергетика саласында келіссөздер жоспарланған. Осыған дейін Құрама Штаттарға дауылды ескертуден кейін де Трамп өзінің Польшаға сапарын уақытша тоқтатқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі