Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевқа қатысты мәлімдеме жасады.
Тамыз айының 8-і күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Сооронбай Жээнбеков Атамбаевтың үйінде болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.
«Алмазбек Атамбаев заңды тергеу жұмыстарына қарулы қақтығыс көрсету арқылы Конституция мен заңды табанына таптады. Қырғызстан құқықтық мемлекет. Биліктің басты міндеті әр азаматтың заңды орындауын қамтамасыз ету» - деді Жээнбеков.
Бұдан бөлек Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне елде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау қажеттігін айтып, арнайы тапсырма берді. Отырыс барысында ҰҚК басшысы Орозбек Опумбаев, ІІМ Кашкар Жунушалиев және Бас прокурор Откурбек Жамшитов Қой Ташта болған оқиғаға байланысты баяндама жасады.
Тамыз айының 7-і күні Алмазбек Атамбаевтың Қой Таштағы үйіне арнайы жасақ сарбаздары басып кіріп, экс-президенті ұстамақ болған. Операция барысында 1 сарбаз көз жұмып, 45 бейбіт тұрғын жараланған.