Алматының ақша айырбастау бекеттерінде доллар 390 теңгеден саудалануда.

Оңтүстік астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 388-390,4 теңгеден сатылуда. Қазақстан қор биржасында 1 доллар - 387,44 теңгеден саудалануда. Ал Ұлттық Банкте 1 доллар – 386, 94 теңге.

Бұл Қазақстан валюта нарығындағы жаңа рекорд. Бұған дейін доллар бағамы 390 теңгеге жетпеген.

Сарапшылар пікірінше, алдағы уақытта 1 доллар 400 теңгеден саудалануы мүмкін. Жалпы, «Қазақстанда девальвация болады» деген сыбыстар жыл басынан бері айтылып келеді. Осыған дейін көпшілік жұрт «девальвация президент сайлауынан кейін болады» деген болжам айтқан.

"The Qazaq Times"