Ұлыбритания Иарнмен саудаласпайды.

«Бұл қызмет үшін қызмет көрсету емес. Бұл сауда емес. Мәселе халықаралық заң талаптарын сақтауда, біз осыны талап етеміз»,- деді 29 шілдеде BBC-ға сұхбат берген Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб. Ол сонымен бірге егер Иран «көлеңкеден шығып, халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде қабылданғысы келсе, ол халықаралық талаптарды орындауы қажет» деді.

4 шілдеде британ билігі Гибралтарда Иран танкерін «Сүрияға қатысты Еуропалық одақ санкциясын бұзып отыр» деп ұстаған. Бұған жауап ретінде Иран 19 шілдеде Британияның «Stena Impero» танкерін ұстады.

Иран президенті Хасан Роухани «егер Британия кемемізді қайтарса, біз де қайтарамыз» деп мәлімдеген.

"The Qazaq Times"