Украинада ұсталған "NIKA SPIRIT" танкері Ресейге қайтарылды. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі Киевтегі Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Денис Голенкоға сілтеме жасап хабарлады.
РФ Адам құқықтары жөніндегі өкілі Татьяна Москалькова теңізшілер Молдавияға бет алғанын айтты. Олар сол жақтан Мәскеуге ұшпақ.
Украина бас прокуратурасы экипаждың он мүшесі куәгер ретінде тергелгенін мәлімдеді. Бірақ олардың босатылғаны жөнінде пікір білдіруден бас тартты. Украина қауіпсіздік қызметі тергеу жүріп жатқандықтан, іс материалдары әзірге ашылмайды деді.
Шілде айының 25-і күні таңертең Украина ресейлік "Ника Спирит" танкерін ұстаған. Кеме Одесса облысындағы Измаил портына тоқтаған.
Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, аталмыш танкер былтыр қараша айында Керіш бұғазында ресейліктердің үш украин кемесін ұстау сәтінде оларға тосқауыл қойған. Ол кезде кеме "Нейма" деп аталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?