Украинаның сыртқы істер министрлігі Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық сотына Ресейге қарсы шағым түсірген болатын. Украинаға қарсы тероризм актілері мен заңсыз агресивті кемсіту шараларына байланысты 16 қаңтар күні жасалған шағым бойынша алғашқы сот отырысы өтті деп хабарлайды bbc.com.
Арыз терроризмді қаржыландырумен күрес және нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция негізінде жасалып отыр.
Украина билігінің мәлімдеуінше Ресей ел аймағындағы заңсыз қарулы топтарға қару-жарақ пен басқа да нысандармен көмектесу арқылы жоғарыда айтылған бірінші конвенцияға қарсы әрекеттер жасап отыр. Сотқа арыз беру туралы СІМ-не Украина президенті Петр Порошенконың өзі тапсырған.
Бұл екі ел арасындағы мәселе бойынша сот ісі бір жылға созылуы мүмкін. Ал Украина тарапы істің тығырққа тірелгенін айтып, алдын алу шараларын ұйымдастыруды сұрауда. Ресей мен Украина шекарасынан толассыз қару тасымалын тездетіп тоқтату арқылы, ел аймағындағы террористік актілерді жоюды талап етіп отыр. Егер іс бейбіт жолмен шешімін таппаса, Украина тарапы құр қарап отырмайтындығын жеткізді.
Айта кетсек, осы уақытқа дейін де Украина Ресейді теңіз ресурстарын ұрлады деген айыппен сотқа берген болатын.
«The Qazaq Times»
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы