Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған Бауыржан Байбек «ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс» – деді.
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары сапар барысында партияның облыстық активімен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылаған. Елдегі айтыстың қайта жандануына қатысты пікір білдірген Бауыржан Байбек: «Партияның қолдауымен енді ай сайын әр өңірде айтыс ұйымдастырылады. Оның алғашқысы күзде Алматыда өтеді. Ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс. Бірақ барлығы конструктивті болуы қажет», – деді.
Айтыс өнері Қазақстанда 1950 жылдары жаңаша жаңғырып, совет кезеңінде негізінен қазақ тілді аудитория ортасында ерекше танымал болған. 1991 жылдан бері айтыскер ақындар көрерменнің қолдауын табу үшін өткір әлеуметтік-саяси мәселелерді жиі көтерді. 2000 жылдардың ортасынан бастап Қазақстан билігі айтысты «бейсаясиландыруға» күш салған. Айтыс теледидардан көп көрсетілмей, бірқатар ақындар республикалық айтыстардан шеттетілген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі