Солтүстік Корея үкіметі ескерту жасап, ядролық қарусыздану туралы келіссөздердің жаңа жобасын жолға қою туралы АҚШ үкіметінде көп уақыт қалмағанын есіне салды. Бұндай ескертуді кеше КХДР Сыртқы істер басқармасының АҚШ істеріне жауапты өкілі Ким Жоң Гын (Kim Jong Gen) жасаған болатын.
Ким Жоң Гын жасаған мәлімдемеде, Пиоңяң (Пхеньян) келіссөздерді қайта бастау үшін Құрама Штатқа жылдың соңына дейін ғана уақыт беретіні айтылған. Ол сондай-ақ, АҚШ-тың Солтүстік Кореяға бағытталған санкцияларды кеңейтуі дұшпандық саясат ретінде бағалаған. Әрі, бұл Солтүстік Корея мен АҚШ лидерлерінің Сингапурдағы алғашқы кездесуіндегі келіссөз табыстарын жоққа шығару деп санаған.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп пен Ким арасындағы Вьетнамда өткен екінші саммит сәтсіз аяқталғаннан кейін Ақ үй үшінші саммитке неғұрлым икемді әдістерді пайдалануға күш салатынын айтқан болатын. Ал, Солтүстік Кореяның "Үлкен Жиырмалық" саммиті қарсаңында жасаған бұл мәлімдемесінде Қытай үкіметінің ықпалы бар деуге болады. Себебі, осыдан бірнеше күн бұрын ғана Қытай басшысы Ши Жинпиң Солтүстік Кореяға сапарлай барды және қызу қарсы алуға бөленген болатын.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес