АҚШ пен Мексика шекарасындағы жағдай шиеленісіп, миграциялық мәселе туындатып отыр.
Сол себепті АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы аталған мәселені шешуге 4,5 миллиард доллар бөлмек. Қаржының 3 миллиард доллары ел аумағына ата-анасыз келген балаларды күтуге жұмсалады. Ал 1 жарым миллиардтан астам доллар заңсыз мигранттарды азық-түлік және баспанамен қамтамасыз етуге бөлінеді.
Төменгі палата осындай заң жобасын қабылдағанымен, Сенаттағылар өздерінің жеке жобасын әзірлеген. Қос тараптың пікірі кезекті мәрте екіге бөлінгендіктен, Ақ үй басшысы Дональд Трамп заңға вето қоятынын мәлімдеді.
Осыған дейін АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің басшысы Кевин Макэлинэн: «Босқындарды еліне қайтарамыз. Америка көшбасшысының мәлімдемесіне сай, құқық бұзуға және заңсыз әрекеттерге жол бермейміз», – деген болатын. Заңсыз жолмен шекара аспақ болған босқындарды еліне қайтару үшін шекараға қарулы әскерилер орналастырылған. Дегенмен, жақында Техаста 300 мигрант бала нашар жағдайда ұсталғаны белгілі болып, қоғамның наразылығын тудырған. Жанжалдан кейін Кеден-шекара қызметінің басшысы қызметінен кетті.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі