Литваның Шяуляй соты Ресейге құпия мәліметтерді таратып, тыңшылық етті деген айыппен литвалық екі азаматты төрт жылға бас бостандығынан айырды.
ИИС таратқан ақпарат бойынша, екі азамат та өз кінәсін мойындап отыр. Ал Литва билігі таққан айыпқа қатысты Ресей тарабы «тыңшылық дауларына Вильнюстің русофобиялық саясаты себеп» деген жауап қатты.
Негізінен алғанда, мұндай жағдай Литвада бірінші рет орын алып отырған жоқ. Сәуірде Литва соты Клайпеда қаласының тұрғынын жеті жылға соттаған. Прокуратура дерегінше, Литва азаматы Роман Шушель әскерилер мен елдің стратегиялық нысандары туралы дерек жинаған. Шушель өзіне тағылған айыпты мойындамады. 2016 жылдың наурызында Литва азаматы Ресей арнайы қызметіне ақпарат жібергені үшін 12 жылға сотталған. 2015 жылы да тыңшылықпен айналысты деген күдікпен бірден бірнеше адам ұсталып еді. Оның ішінде Ресей азаматтары да болған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі