Әлем назарында наразылық акциясы күшейіп жатқан Беларусь тұр. Германия канцлері Ангела Меркель Беларусь мәселесін Ресей президенті Владимир Путинмен талқылайтыны мәлім болды. Меркель ханым бұл ойын Литваның президенті Гитанас Науседемен сөйлесу кезінде білдірген. Ол Литваның Беларусьтегі сайлаудан кейін бас сауғалай барған Тихановскаяға пана болғанына алғысын да білдірген екен.
Беларусь елінде 9 тамыздағы сайлаудан кейін елде билікке деген наразылық өршіп кетті. Елдегі ОСК Лукашенокны 80 пайызға жуық дауыспен жеңді деп жария еткеннен кейін, оппозиция мен елдегі халық билікке деген ызалы көңіл-күйін ашыққа шығарды. Күшпен жаныштауға қарамастан ел орталығында соңғы тәулікте бірнеше жүз мыңдаған адам ереуілге шыққан.
Литва болса Беларусьтағы оқиғаларда Ресейдің әскери араласуы да бар болуы мүмкін деген пікірді жария еткен еді. Канцлер Меркель ханым мен президент Науседе арасындағы сөйлесуде Беларусь мәселесі көбірек тілге тиек етілген. Берлин тарабы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық және ортақ құндылықтардың қорғалуы тұрғысында Беларусь жағдайына баса назар аударып отырғанын жеткізді.
Мәліметтерге сенсек, Меркель ханым бүгін Мәскеуге қоңырау шалып орыс әріптесі Путинмен Беларусь жағдайы туралы жан-жақты талқыламақ.