Тбилисиде парламент ғимараты алдында наразылық білдірушілерді тарқату үшін резіңке оқ пен жас ағызатын газ қолданылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 14 наразылық білдіруші мен 38 полиция өкілі жараланған.
Бейсенбі күні кешкісін ондаған мың адам Грузия парламенті алдына жиналды. Халықтың көшеге шығуына парламентаралық ассамблея отырысына Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың қатысуы себеп болды.
Гаврилов ассамблеяның президенті екеніне қарамастан, наразылық білдірушілер оның Грузия парламентінде ассамблея отырысын жүргізіп отырғанына наразы болды. Гаврилов Тбилисиге барар сапары алдында Абхазия мен Оңтүстік Осетия Ресейдікі деп есептейтінін айтқан.
Митингті ұйымдастырған оппозициялық партия өкілдері болды. Олар парламент спикері мен ішкі істер министрінің отставкасын талап етіп жатыр. Парламент төрағасы Ираклий Кобахидзе қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.
Наразылық білдірушілер парламентке басып кірді. Оқиға орнына премьер-министр Мамука Бахтадзе барды.
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили полицияны наразылық білдірушілерге қосылуға шақырды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?