Өзбекстан бас прокуратурасы елдің тұңғыш президентінің үлкен қызы, Зангиата әйелдер колониясында отырған Гүлнәра Кәрімоваға психологиялық қысым көрсетіліп жатыр деген ақпаратты теріске шығарды.
Баұылау мекемесінің хабарлауынша, жағдайы жақсы және керек кезінде медициналық қызмет көрсетілуде". Алайда, бұған дейін Гүлнәра Кәрімованың швейцарлық адвокаты Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) оның тұрақты түрде психологиялық қысым көретінін мәлімдеген еді.
Ол Twitter парақшасына былай жеп жазды: "Кәрімоваға медициналық көмек көрсетілмей отыр. Оған үнемі психологиялық қысым көрсетеді".
2017 жылдың желтоқсан айында "салықтан жалтарды", "ұрлады", "бопсалады" деп айыпталып, 10 жылға сотталған 46 жастағы Кәрімованың жазасын 2018 жылдың шілде айында түрме жазасынан бес жылға үйқамаққа ауыстырған. Бұдан бөлек мемлекетке келтірген шығынды қайтару керек болған. Бірақ биыл наурыз айының басында ережені бұзды деп, оны қайта әйелдер колониясына ауыстырды.
Айта кету керек, 2015 жылы Швеция, Швейцария және АҚШ Кәрімованың үстінен Telia, Vimpelcom және МТС телекоммуникациялық компаниялардан өзбек нарығына кіру үшін миллиардтаған доллар пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.
Сондай-ақ, аталған компаниялардың бәрі Ислам Кәрімовтің қызына пара бергенін мойындаған. Осы мәлімдемеден кейін АҚШ Кәрімоваға ресми түрде "пара алу" және "көлеңкелі ақшаны заңдастыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі