АҚШ және Ұлыбритания бастаған он алты мемлекет әлемдік шиеленіске қарсы тұру мақсатында күш біріктірмек. Бұл туралы Нормандияда өткен басқосуда мәлім болды.
Бірлескен мемлекеттер әлемдік тұрақтылықты сақтау және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа декларация қабылдады. Декларацияның мақсаты – екінші дүниежүзілік соғысқа ұқсас қақтығыстың қайталануына жол бермеу. Осы ретте АҚШ өкілдері: «Біз дос және одақтастар ретінде сындарлы жұмыс істеуге міндеттіміз. Біздің пікіріміз әрқашан ортақ ұстаным тауып, халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін бірлесіп әрекет етеміз», – деп мәлімдеді.
Құжатта: «Соңғы 75 жылда мемлекеттеріміз Еуропада бейбітшілікті сақтауға, демократияны, төзімділікті және заңның үстемдігін нығайтуды мақсат етті. Біз осы еркіндікті қорғау үшін одақтастар мен достар ретінде бірге жұмыс істейтін боламыз», – делінген. Декларацияға АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Дания, Франция, Германия, Греция, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша және Словакия елдері қол қойды.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі