АҚШ-тың шекара қызметі Мексикамен шакаралас жерде мыңнан астам заңсыз мигрантты ұстады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Мигранттар Техас штатындағы Эль-Пасо шекарасын кесіп өткен. Ал жыл басынан бері Құрама Штаттарына Латын Америка елдерінен 300 мыңға жуық адам шекарадан өтпек болған. Олардың үштен бір бөлігі кәмелет жасқа толмағандар. Осы жағдайдан кейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп жуырда Мексикадан ағылған мигранттарға қатысты мәлімдеме жасайтынын хабарлады.
Осыған дейін АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің басшысы Кевин Макэлинэн: «Босқындарды еліне қайтарамыз. Америка көшбасшысының мәлімдемесіне сай, құқық бұзуға және заңсыз әрекеттерге жол бермейміз», – деген болатын. Заңсыз жолмен шекара аспақ болған босқындарды еліне қайтару үшін шекараға қарулы әскерилер орналастырылған. Бірақ, биліктегі әділетсіздік пен қаржылық дағдарыстан құтылмақ болып туған жерінен қашқан мигранттар саны азайған жоқ.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі