Иран президенті Хасан Рухани кезекті мәлімдемесінде, егер Құрама Штат тарабы бұрынғы келісімдегі кепілдіктерін қайта мойнына алған жағдайда Теһран (Тегеран) билігі келіссөзге дайын екенін айтты. Ол бұл мәлімдемесін министрлермен кездесу отырысынан кейін жария еткен.
Рухани сөзінде АҚШ-ты Иранға қарсы мақсатты түрде «жаулық саясатын» жүргізіп келді және эмбарголар арқылы Иран халқына «қастандық жасады» деп айыптаған. Сондай-ақ, президент Рухани сөзінде: «АҚШ өзінің эмбарголары арқылы өзінің шынайы бет-бейнесін ашып көрсетті. Олардың құбылмалы көзқарастары да белгілі болды», – деген.
Ол және Иран мен АҚШ арасындағы келіссөз мәселелері туралы пікірінде: «Біз олардың сөздерін емес, әрекеттеріне қараймыз. Иран халқына бағытталған эмбарголарын тоқтатса және кепілдіктерін қайта мойнына алар болса, аударып тастаған келісөз үстелін қайта орнына қояр болса, біз келіссөз жүргізуге әзірміз», – деген.
Иран президенті сонымен бірге, Құрама Штат тарабы өз ұстанымын өзгертсе Иран қарым қатынасты қайта-қалпына келтіруге дайын екенін жеткізген. «Бұрынғы саясатты жалғастырмайтынын өз әрекеттерімен әйгілеуі керек», – деп ескерткен президент Рухани.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес