АҚШ Түркияға ешқандай ультиматум қойған жоқ.
Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар «Haberturk» телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың Түркияға С-400 әуе қорғанысы жүйесіне байланысты ультиматум қойған жоқ» - деп мәлімдеді. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін Уашингтон Анкараға ультиматумға байланысты ешқандай ресми құжат жолдамаған.
Бұған дейін БАҚ беттерінде «АҚШ Түркияға Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алғаны үшін ультиматум қоймақ» деген ақпарат тараған. Аталмыш ақпаратқа сүйенсек, Уашингтон Анкараны F-35 ұшағын құрастыру халықаралық жобасынан шығарып тастамақ.
Түркия бірнеше мәрте С-400 жүйесін сатып алудан бас тартпайтындығын айтқан. Оған АҚШ қарсылық білдіріп, С-400-дің НАТО стандарттарына сәйкес келмейтіндігін алған тартқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды